Тақырыптық сағат

377

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда  колледжінің студенттер арасында Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қаз.ССР Шахмардан Есеновке «Мақтан тұтар ұлы тұлға»  атты тақырыптық  сағат ұйымдастырды.
Мақсаты – жастарға ғалымның геология- минералогия  ғылымының шыңын бағындырып, келер ұрпаққа өшпес өнеге, жоғалмас  із, таусылмас тағылым қалдырғаны, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына орасан зор үлесін қосқаны жөнінде насихаттау.
Шара барысында Ш.Есеновтың  Қазақстанның  Ғылымын басқарған жылдары, бір ғана Өзен-Жетібай мұнай көзінің ашылуына басшылық жасауы, оны отандық ғалымдардың игеруіне жол ашуы баға жетпес ерлігі
жайлы айтылып , студенттер ақын жазушылардың  өлеңдерін оқыды.
«Шоқтығы биік Шахмардан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  Ш.Есеновтың өнегелі істері қоғам үшін, халқы үшін атқарған қызметтері, еңбек жолы, марапаттары, геология-минерология саласының және жалпы ғылымның дамуына қосқан  үлесі туралы, кітаптар мен мерзімді басылым беттеріне шыққан материалдарына библиографиялық шолу жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<