Тегін дәрімен қамтамасыз ету: Байланыс орталығы іске қосылды

276

0

Тегін амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша байланыс орталығы іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша еліміздің медициналық ұйымдарын тегін амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың түсуі сұрақтары бойынша байланыс орталығын іске қосты (7172) 23 50 98.

«СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, барлық қажеттілік қазірдің өзінде сатып алынған және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрілік қамтамсыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр.

«Біздің сайтта бұрын жарияланған телефондар бойынша қазақстандықтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары  жауап берген.  Бірақ олар барлық жұмыс уақыттарын әр жағдайды анықтауға арнай алмайтын. Сондықтан байланыс орталығын іске қосу туралы шешім қабылданды, енді оператор халықтың сұрақтарына ғана жауап беріп, дәрі-дәрмекті жеткізудегі әр үзіліс жағдайын түсіндірумен айналысады», – дейді Шария Исмуханова.

 «СҚ-Фармация» төрағасының айтуынша, байланыс орталығы әзірше пилоттық тәртіпте жұмыс істейді. «Кейінірек, қазақстандықтардың қолайлылығы үшін, республика бойынша барлық абоненттерге бірыңғай қысқа нөмірді іске қосу жоспарлануда», – деді ол.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 тоқсанында еліміз бойынша барлық 404 медициналық ұйымға тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін 22,3 млрд теңге сомаға дәрі-дәрмек жөнелтілді.

Ағымдық сәттегі жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 430 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз етуге арналған 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<