Түркістан облысының Темірлан ауылында Жәнібек Әбілхан есімді оқушы ҰБТ-дан ең жоғарғы көрсеткіш – 140 балды жинады. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек тестілеуге жүйелі түрде дайындалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысының әкімдігінің мәліметінше, Жәнібек 1-сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алған.
“Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл жинаған Жәнібек Әбілхан – Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі.
Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі”, – делінген ведомство хабарламасында.