ҰТЫП АЛҒАН КӨЛІГІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАДЫ

285

0

ҰТЫП АЛҒАН КӨЛІГІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАДЫ Хабаровск аймағында (Ресей) тұратын Оксана Музыка есімді қыз өзінің жомарттық қасиетімен жұрттың сүйсіпеншілігін тудырды. Дағыстандық @tut.godekan ғаламтор тобының сайысына қатысқан ол ойламаған жерден жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болған екен. 270 000 қатысушы арасынан бағы жанған Оксана сыйлықты алуға келгенде, ұйымдастырушыларды тіптен таңғалдыра түсті.

Асып-тасқан байлығы болмаса да Оксана өзіне тиесілі жүлдені түгелдей «Инсан» қайырымдылық қорына аударуды жөн санапты.

«Бұл – сәтттілік! Мен бұл жүлдені менен гөрі көбірек мұқтаж болған жандармен бөлісуім қажет. Мен солай істедім. Бірден ұйымдастырушыларға көлікті сатып, ақшасын қайырымдылыққа беретінімді айттым. Осылайша, біз тым құрығанда бір балаға көмектесе аламыз», – дейді Оксана.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<