
Мектеп бітіруші түлек V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытындысымен орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік жұмыс» номинациясымен марапатталды.
Сырдариялық түлекке білім грантын аталған университеттің ректоры У.Әбдібеков пен профессор М.Қуталмыш тапсырды.
«Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша білім алуды көздеген Зарина Жәнібекқызы осылайша ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтады. Білімге құштар жалынды жастың болашақта үлгілі студент боларына сенім мол.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.