Университетте дөңгелек үстел өтті

289

0

Ғылыми қызметкерлер күніне орай «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Қызылорда облысындағы ғылым мен білімнің инновациялық дамуындағы басым бағыттар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелде «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ү. Үмбетов, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов, филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Т. Тайманова және «ГМУ-16» оқу тобының студенті Н. Өскенбай негізгі баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел соңында университет және колледж ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова, филология ғылымдарының кандидаты Т.С. Медетбаев, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Еспенбетова, магистрлер Р.К. Есенова және Қ.З. Қыпшакбаев облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<