Велоспортшылар – Қызылордада

323

0

Ертең Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

Облысымызда қатарынан бесінші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің барлық облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан 150-дей велошабандоз қатысады.

Жарыс барысында 25 шақырымдық жекелейжарыс, 100 және70-80 шақырымдықтоптық және айналып жүру кезеңінің жүлделері сарапқа салынады.

Бұл жарыстың мақсатыеліміздің құрама командасын жасақтау үшін мықты спортшыларды айқындау,велоспортты насихаттау және бұқаралық дамыту. Жарыстың  құрметті қонағы ретінде тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев шақырылды. 

Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, дене шынықтыру және спорт комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

 Жарыстың салтанатты ашылуы 12 сәуір күні сағат 10.00-де,  бағдарлама бойынша жарыс күн сайын сағат 10.30-да болады.

Ел чемпионаты 16 сәуірге дейін жалғасады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<