Волейболдан Қазақстан чемпионатының соңғы айналым ойындары өтуде

264

0

Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXVI чемпионатының бесінші айналымы бойынша жоғарғы лига тобы ойындары өтуде. Жарысқа «Жайық» (БҚО), «Динамо-Қостанай» (Қостанай), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Жетісу-Жастар» (Алматы облысы), «Динамо-Қазығұрт» (ОҚО) және «Қайсар» (Қызылорда) командалары қатысуда.
Жарыстың бірінші айналымы – Талдықорғанда, екіншісі – Түркістанда, үшінші кезеңі – Оралда, төртінші айналымы – Ақтөбе қаласында өткізілді.
Ел чемпионатында жерлестеріміз 4 кезең ойнап, нәтижесінде 42 ұпаймен жүлделі үшінші орында келе жатыр. Бірінші орында – 48 ұпаймен Ақтөбе,  екінші орында  – 48 ұпаймен Шымкент қалалары.
Жарыстың алғашқы күнгі нәтижелері төмендегідей:
 «Динамо-Қазығұрт » – «Динамо – Қостанай» 3:0
«Ақтөбе» – «Жайық»  3:0
«Қайсар» – «Жетісу-Жастар» 3:1
Чемпионаттың соңғы тур ойындары 28 сәуірде аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<