Қызылордада үздік тергеушілер анықталды

736

0

Қызылорда қалалық ішкі істер басқарманың Тергеу бөлімінің тергеушілерінің арасында «Үздік тергеуші», «Алғыр тергеуші» «Эпизодты тергеуші», «Тапқыр тергеуші» аталымдары бойынша байқау өткізілген болатын.
Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, қылмыстық істердің мерзімін сақтай отырып, сапалы түрде дер кезінде заңды шешім қабылдауы, біліктілігі мен жауапкершілігі, жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы басты назарға алынды. Басқарма басшылығынан құрылған комиссия шешіміне сәйкес 45 тергеушінің арасында үздіктер анықталып, нәтижесінде «Үздік тергеуші» аталымына Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Айдос Ақбаев, «Тапқыр тергеуші» аталымына полиция лейтенанты Мейрамбек Абдуллаев, «Эпизодты тергеуші» аталымына полиция аға лейтенанты Құдайберген Әуелхан Салимханұлы, «Алғыр тергеуші» аталымына полиция лейтенанты Еркебұлан Кеждембеков және полиция лейтенанты Нұржан Өмірзақ лайықты деп танылды.
Осыған орай, Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында өткізілген шара барысында үздік деп танылған полиция қызметкерлері басқарма бастығының құзырымен марапатталып, оларға дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды. Шараға өз ісінің үздігі атанған тергеушілердің ата-аналары да қатысып, Алғыс хатқа ие болып, гүл шоқтары табыс етілді.  
Бұдан өзге, тергеушілердің төл мерекелеріне орай, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің тергеушілері де құрметке ие болды. Атап айтқанда, антқа адалдық танытып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген 7 қызметкерге «Қазақстан полициясына – 25 жыл» естелік төс белгісі табыс етілсе, 2 қызметкер ОІІД-нің «Құрмет грамотасымен», 5 қызметкер «Грамотамен», 14 қызметкер «Алғыс хатпен» марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<