
Семинар кеңеске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет капитаны Ж.Есмаханов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «педагогика психология» кафедрасының ұстаздары, Облыстық психоневрологиялық ауруханасының психолог маманы, Облыстық жастар денсаулық орталығының маман психологы, Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының маман психологтары, Облыстық прокуратурасының психолог және полиграфы қызметкерлері, ЗК-169/5 мекемесінің аға нұсқаушы психологы Жүсіпбеков Айдос Бағланұлы және маман психологы Кульбаева Шынар қатысты. Семинар кеңес барысында мекемедегі контингенттердің психологиясын жатқа білу үшін олармен жұмыс істеу, Өз – өзіне қол жұмсауға бейімді тұлғаларды психиатр мамандарымен бірігіп қабылдауды және де қайғылы жағдайды болдырмау, алдын- алу жолдары түсіндірілді.Қорыта келе психологтар арасында семинарларды жиі өткізу қажет деген ұсыныстар айтылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<