
Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасты. Ауылдың қалталы азаматы кәсіпкер «Еңбек Жер» ШҚ-ның басшысы Искаков Шакизатхан Әбдіғаппарұлы ауылдың келешек жастары болашақ ел басқаратын бүлдіршіндерімізге Еңбек ауылының М.Байділдаев атындағы №232 орта мектептің бастауыш сыныптың 29 үздік оқушыларына велосипед тарту етті. Сонымен қатар 5 оқушыға Жаңақорған ауданына талдысу сауықтыру лагеріне жолдама берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<