Үздік сұрмерген атанды

483

0

«ПетроКазахстан» спорт кешенінде 2017-2018 жылдардағы Қызылорда облысының шағын футбол лигасының қысқы маусымының аяқталуына байланысты жарыстың жабылу рәсімі өткізілді.  

Бұл лигада алғаш рет Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы да күш сынасты. Салтанатты марапаттау іс-шарасына облыс әкімінің орынбасары Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлы қатысты. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде «Ең үздік сұрмерген» номинациясын 16 ойында 60 доп соғып, әріптесіміз – Төтенше жағдайлар департаментінің команда капитаны, Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жүнісов Руслан Жұмабекұлы иеленді. Құрама команда мүшелеріне алдағы уақытта сәттілік, жеңіс тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД 

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<