Жаңа оқулық жастарға қолжетімді болмақ

318

0

Жаңа оқулық жастарға қолжетімді болмақ Қазақстан халқы Ассамблея­сының бірыңғай республикалық күні аясында облыстық Ассамблея активінің отырысы өтті. Онда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды. Шараға облыстық Ассамблея жанын­дағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, этно­мәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» орталығының жастары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мен Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.

– Аталған жобаның бізге берері көп. Өйткені, жас­тар шет елдің жоғары оқу орындарында оқытылатын еңбекпен қазақ тілінде таныса алады. Мұндай кешенді жоба әлемдік тәжірибеде сирек кездеседі. Ең бастысы жаңа оқулықтар үш түрлі форматта, латын әрпімен берілетіндіктен кез келген елдегі қазақ жастарына қолжетімді болмақ, – дейді ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайман.

Мұнан өзге басқосуда философия ғылымдарының кандидаты, профессор Оңғар Бермаханов, «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Руслан Дүлдүл, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік бас­қару академиясы» РМҚК Қызыл­орда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерциялау басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев келелі ойларын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жоба аясында жүктелетін міндеттерді жұмыла көтеруге шақырды.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<