Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

282

0

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвэй басқа қызметке ауысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев актив жиынында Цинь Хунвэйге аймақ дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Цинь Хунвэй жетекшілік жасаған жылдары мұнай компаниясы өндіріс көрсеткішінің жоғарылауына, негізгі жоба­лардың жүзеге асуына ықпал етті. Еңбек шарттарының сақталуына және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жұмысшылардың тұр­мысын түзеуге бағытталған әлеу­меттік мәселелерге баса мән берді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі зор. Қайырымдылық шараларынан қалыс қалған кезі жоқ.

– Компания талай уақыт­тан бері Қазалыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына, Жаңақорғандағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған «Балдәурен» балабақшасын қамқорлығына алған. Жыл сайын Қызылорда қаласындағы «Арай Санрайз» лагерінде мыңнан астам баланың тегін демалуына жағдай жасап келеді, – деді облыс әкімі.

Жиын соңында Цинь Хунвэйге облыстың Құрмет грамотасы табыс етілді.

Назерке САНИЯЗОВА, 

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<