Жаңаша көзқарас

349

0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №37 мектеп-лицейінде «Жаңартылған білімге –жаңаша көзқарас. Ізденістер мен шешімдер» атты аудандық семинар-кеңес болып өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты инновациялық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық – танымдық ойлау әрекетін дамыту жолындағы мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыру.
Семинар кеңеске облыстық әдістемелік оқу орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Ахметова Ақсауле Асылбекқызы және ардагер – ұстаз Абат Тоқташ, аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Қ.Қалжанова және ауданға қарасты 17 мектептің бірлестік жетекшілері қатысты. Семинар барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша үздік сабақтар көрсетіліп, «Сыр сүлейлері» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өткізілген сабақтарды жоғары деңгейде бағалады. Ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<