Жалағашта 33 мыңға жуық гектарға дақыл егіледі

637

0

Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылы 32 722 гектар егін орналастыру межеленуде. Оның ішінде 18 100 гектар күріш, 285 гектар жаздық бидай, 50 гектар арпа, 2200 гектар мақсары, 3500 гектар жаңа жоңышқа, 5900 гектар ескі жоңышқа, 900 гектар картоп, 787 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша дақылдары. 
Аудан бойынша 2018 жылдың егісі үшін күріш тұқымы – 5100 тн, жаздық бидай – 51 тн, мақсары – 55 тн, жоңышқа – 52 тонна құйылды.
Қазіргі уақытта 2089 тонна күріш, жаздық бидай, мақсары, жоңышқа тұқымдары толықтай себу дәрежесіне жеткізілді. Күріш тұқымын тазарту жұмыстары жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<