Жастар арасындағы құқықбұзшылықтың алдын алу мәселелері

333

0

Жастар арасындағы құқықбұзшылықтың алдын алу мәселелері «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірме-ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бірі С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде өтті. Мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.

Аталмыш шара барысында  сөз алған қалалық ІІБ ЖПҚ аға УПИ-ры полиция майоры Л.Айтқалиева студенттерді  құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстырды,  әкімшілік құқық негіздері туралы мағлұмат берді.  Құқық бұзушылықтар, қылмыс  жасауға қатысқаны үшін немесе соған көмектескені үшін қандай қылмыстық немесе әкімшілік жаза қолданылатындығын егжей-тегжей баяндап берді.

Ал медиатор А.Тұрбаева елімізде енді қарқын алып келе жатқан бітімгерлік жайында түсіндіріп берді, негізгі заңнамалық актілер мен құжаттарды таныстырды. Келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, медиация арқылы шешудің артықшылықтарын, тиімді тұстарын түсіндірді.

Сонымен қатар кездесу барысында студент жастарға қазіргі уақытта студенттер арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді.
 Студент жастар құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<