Жеке куәлікті жоғалтқан жағдайда не істеу керек?

398

0

Фото: ашық дереккөз

16 жасқа толған кезде азамат жеке куәлік алуға құқылы. Жеке куәлікті алғаш алған жағдайда өзімен бірге туу туралы куәлік болуы қажет.

Сондай-ақ, ата-аналардың бірі баланы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ертіп баруы керек. 0,2 АЕК(738 теңге – 2024 жыл) мөлшерінде қызметке ақы төлегеннен кейін құжаттар 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты көрсетілетін қызметті алушы халыққа қызмет көрсету орталығына келуге тиіс. Өзімен бірге: мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжат немесе олардың цифрлық нысаны болуы қажет.

Егер сіз жоғалтқан болсаңыз, Халыққа қызмет көрсету орталығына, өзіңізбен бірге жеке куәліктің цифрлық нысанына алып келуіңіз керек.

Айта кетейік, бір жыл ішінде жеке куәлігін екі реттет көп жоғалтқан жағдайда 1 АЕК(3692 теңге – 2024 жыл) мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз.

Қызмет алушыларға құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін жеделдіктің 2 санаты ұсынылады.
1 шұғылдық санаты 3 жұмыс күнінде 3 372 теңге, 2 шұғылдық санаты 5 жұмыс күнінде 1772 теңге, жеке басын куәландыратын құжаттар өтінім берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі. Жеке куәлік алу қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінен алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<