Жел соғып, жаңбыр жауады

242

0

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай, жауын-шашын, тұман, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<