Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел

417

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сырдария аудандық емханасының мәжіліс залында семинар өткізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжанқызы және денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Н.Тұрсынбаева қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты мамандар баяндама жасап, қоғамдық ахуалының маңызды тұстарын бейнеролик арқылы көрсетті. Аудандық емхананың бас дәрігері Н.Мырзағалиева сала төңірегінде жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстарды айтып берді. Қорытынды бөлімде жемқорлықты болдырмау мақсатында қолға алынған жұмыстар легін жоғары деңгейде орындау сала мамандарына тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<