Жол апатынан мерт болған ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң дүниеге келді

266

0

Қытайда жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң туды. Бұл жайлы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ВВС хабарлайды.
2013 жылы жасанды ұрықтандыру жолымен бала табуға үміт артқан ерлі-зайыпты бірнеше эмбрионын мұздатып қояды. Алайда көп өтпей олар жантүршігерлік жол апатына ұшырап, қаза табады. Жол апатынан кейін ерлі-зайыптының ата-аналары соттан эмбриондарды пайдалану құқығын алуға көп уақыт жұмсауына тура келді. Ұзаққа созылған талқылаулардан соң сот эмбриондарды пайдалану құқығын құда-құдағиларға – төрт адамға берді. Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, бұған дейін ата-аналар өз балаларының эмбриондарын мұра етіп алған жағдай болмаған. Қытайда тыйым салынғандықтан, ата-әжелер суррогат ананы заң рұқсат беретін басқа елден – Лаостан іздеп тапты. Бала суррогат ана Қытайға саяхаттағанда дүниеге келді, оған Тяньтянь деген есім қойылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<