Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

252

0

 Қызылордалықтар енді жүргізуші куәлігін элек­трон­дықүкімет порталында ауыстыра алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының ХҚКОдепартаментінде өткен бас­пасөз турында айтылды. Департамент бас­­шысыныңорынбасары Жандос Қадырбайдың айтуынша, жүргізуші куәлігін ­онлайн тәртіптеауыс­тыру үшін электрондық-цифрлық қол­таңба қажет. Қызмет алушы egov.kzпорталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, қолқоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап,мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегенненкейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондықөтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығынтөлеу туралы электрондық чекті басып шығарып, дайын құжатты алып кету үшінмамандандырылған орталыққа баруына болады.

– Ақпараттық технологиялар жаңа серпін әкелуде. Соныңішінде медицина, білім, энергетика және тағы басқа маңызды салалардыцифрландыру елдегі экономикалық дамуды жеделдетеді. Биыл ­Елбасы Н.Назарбаев«Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­­­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»атты Жол­дауында мемлекеттік қызмет көрсетуді цифр­ландыруды тапсырды. Осыбағытта департаментте көптеген жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде элек­трондықызметтер үлесі аймақта өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке артты. Біздіңбасты мақсатымыз – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын, қызметтүрлерінің сапалылығын қамта­масыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету.Мем­лекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы тікелей байланысты болдырмауміндеті бүгінде сәтті жүзеге асып келеді. Өздеріңіз куә болып отырғандай,жүргізуші куәлігін де онлайн-ауыстыру қызметі кеңі­нен насихатталып, оңнәтижесін беруде. Қазір мемлекет тарапынан тұрғындарға барлығы 700-ден асақызмет түрі көрсетіледі. Оның жартысынан көбін үйден шықпай-ақ, электрондытүрде алуға мүмкіндік бар, – деді Ж.Қадырбай.

Бұл жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге жәнемамандандырылған орталықтарда кезекті азайтуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек,электрондық үкімет порталында әрбір пайдаланушыға жеке кабинет жұмыс істейді.Онда түрлі мәліметтер және пайдалы сервистік қызмет түрлері енгізілген.Мәселен, бүгінде кез келген азамат әкімшілік айыппұлдар жайлы ақпарат алып,тұрғын үйге кезекке және некеге тұру сынды қызметтерді пайдалана алады.

 

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<