Жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда

274

0

Бүгінгі күні ауданда автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 23 жоба іске асырылуда. Оның қазіргі таңда 17 жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда, қалған 6 жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы 2022 жылға аудан бойынша барлығы 31,4 км автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Аталған автомобиль жолдарының ішінде 2021 жылы жергілікті маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек (0-3 км)» автомобиль жолына орташа жөндеу» жобасы бар.

Бұл жобаға 2021 жылы жөндеу жұмыстары басталып, 1,5 кмге асфальт жабындысы төселіп, 2021 жылғы жоспар орындалған болатын. Бүгінгі күнде жобаның қалған қаржысы облыстық бюджеттен бөлініп, мердігер мекеме 2022 жылға жоспарланған 1,5 км асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын бастап жатыр.

Қазіргі таңда бөлім мамандарымен жөндеу жұмыстары түрақты қадағалауға алынған. Сонымен қатар, автомобиль жолына төселген асфальт жабындысы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен тексерілетін болады және қорытындысы бойынша тапсырыс берушімен қабылданатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<