Абайдың философиялық мұрасы

801

0

ЮНЕСКО жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісін Философия күні деп белгілеген. Бұл күн әлемнің осы ұйымға мүше 80-нен астам елінде атап өтіледі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Экономика және құқық» институтының «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы да жыл сайын шара өткізіп келеді.

Дүниежүзілік философия күніне және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайдың философиялық мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта өтті. Конференцияға оқу орнының профессор-оқытушылары, студенттері қатысты.

Модераторы университеттің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Жарқынбек Әбікенов басқосудың маңызы туралы айтты. 

Оқу орнының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры физика-математика ғылымдарының кандидаты,  профессор Бекзат Прмантаева конференция жас ғалымдар мен оқытушыларды, докто­ранттар мен магистранттарды Ұлы Абайдың философиялық мұрасын зерттеуге ынталандыратынына сенім білдірді.

Рухани-тағылымдық іс-шарада абайтануды жаңа бе­­леске көтерген ғалым Мекемтас Мыр­захметұлы «Абай дүниетанымының рухани нәр алған бұлақ көздері» тақырыбында баяндама жасады.

Ғалым Тұрсын Ғабитов «Абайдың мәдениеттанулық мұрасы» тақырыбында баяндама жасап, зерттеушілерге ғылыми бағыт-бағдар берді.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдік классикалық философияның көрнекті өкілдерінің шығармаларын қазақшаға аударған ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор. Бақытжан Сатершинов «Абай шығармаларындағы діни бірегейлік мәселесі» баяндамасында ойшыл шығармаларының қырларына ерекше тоқталды.

Конференцияға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінен ғалымдар қатысты.

Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған мазмұнды, ауқымды шаралар  алдағы уақытта жалғасын таба беруі керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<