Ардагерлер – алтын тұғыр

228

0

Бұл мақаланың максаты – қарапайым, адамгершілігі мол, өз еңбегінің арқасында алғысқа бөленген әділет органының ардагері Есенкүл Жармағанбетқызы Ерболатова апамыздай еңбек адамының шынайы бейнесін, азаматтық болмысын таныту.

Ерболатова Есенкүл Жармағанбетқызы, 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1971 жылы Қызылорда қалалық комсомол комитетінің АХАЖ бөлімінде тіркеушісі, маман ретінде бастаған.

1997 жылдан бастап Қызылорда облыстық әділет басқармасының Қызылорда қалалық әділет бөлімінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласында бас маман болып жұмыс атқарған. 2011 жылы зейнеткерлікке шыққан. Осылайша  Есенкүл Жармағанбетқызының азаматтық хал актілерін жазу бағытындағы  еңбек өтілі 40 жылды құраған.

АХАЖ саласында кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсеткен еңбегі қандай құрметке болса да лайық.

Әділет органдарындағы жұмыс жасаған еңбек өтілін, қосқан үлесін ескере отырып,«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен  наградталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Грамоталары мен Алғыс хаттарымен  марапатталған.

Бейнетінің зейнетін көріп отырған Есенкүл Жармағанбетқызының  ахат саласының алға жылжуына өзіндік үлес қосқан  еңбегі ерен. Оның қолы тиген құнды құжаттар мұрағатта сақтаулы.

Өз білімін, тәжірибесін ахат саласының дамуына ғана арнап қоймай, жас мамандарға білгендерін үйретіп, лайықты ізбасар қалыптастыруға да жұмсады.

Ашықтық және адалдық, еңбекқорлық пен жан аямастық, біліктілік оны жұмыстағы жеңістерге жетеледі.

Ардагерлер білімі, бай тәжірибесі және кәсіби біліктілігі әрқашанда құнды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Есенкүл Жармағанбетқызы Ерболатова 70 жасқа толады. Осы айтулы мерекелі мерейтой күні Есенкүл Жармағанбетқызының отбасына бақыт, құт-береке тілейміз!

Қызылорда облысының

Әділет департаментінің ұжымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<