Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы – фейк

630

0

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты ашылғандығы туралы ақпарат фейк болып табылады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боты іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұрамайды.

«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады»,-делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<