COVID-19: Соңғы тәулікте 10 науқас емделіп шықты

444

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 268. Ал індеттен айыққандар саны 3207-ге жетті. Соңғы тәулікте 10 науқас емделіп шықты.

Бүгінде инфекциялық стационарда – 18 , ал инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 1 науқас ем қабылдауда.Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 14 391, тікелей қарым-қатынас – 11 642, ықтимал қарым-қатынас –2 739.

Айта кетейік, эпидмаусым басталғалы бері 126 582 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<