«Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері белгілі болды

549

0

«Халық сүйіктісі» сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері белгілі болды.

«Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталғанын хабарлаған болатын.

Ал бүгін сыйлықтың финалистері айқындалды:

№1 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ»

Төлеубаев Данияр Ерғалиұлы, Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Төлеген Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі;

Григорьева Нина Михайловна, флейта оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті;

Төлеміс Жұлдызай Серікқызы, Қостанай облысы, «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі.

№2 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРІ» 

Қадырова Әсия Мырзағалиқызы, «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КММ дерматовенерология бөлімінің бастығы;

Пя Юрий, қазақстандық дәрігер, кардиохирург;

Жаңатаров Ержан Бисембайұлы, стоматолог, «Сымбат» клиникасының жетекшісі;

Асанбаев Болат Сайдаұлы, Қызылорда облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі.

№3 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ»

Рахмонов Шафкат, UFC-дегі қазақстандық файтер;

Юлия Галышева, фристайлшы, қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері;

Левит Василий, қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

Жұмағұлов Жалқас (ЖӘКӨ), қазақстандық аралас стильдегі спортшы.

№5 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ»

Дина Төлепберген, қазақстандық тележурналист, КТК арнасының жүргізушісі;

Нартай Аралбайұлы, «Мәселе» бағдарламасының бас редакторы, авторы, жүргізушісі, «Жүзден жүйрік» бағдарламасының жүргізушісі;

Дмитрий Олейников, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі;

Шойымбек Бақыт, «Астана» телеарнасының жүргізушісі.

№6 номинация. «ЖЫЛ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» 

Димаш Құдайберген, Қазақстанның өнер қайраткері, танымал қазақстандық әнші;

Нелдібаев Әсет Төлегенұлы, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестрінің фагот тобының концертмейстері;

Иманбек, қазақстандық диджей және музыкалық продюсер;

Адамбай Нұртас, қазақстандық актер, шоумен, режиссер, продюсер және сценарист.

№7 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПАРЛАМЕНТАРИЙІ»

Нығматулин Нұрлан, Мәжіліс спикері;

– Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты, ҚКХП фракциясы;

– Жүсіп Нұртөре, Сенат депутаты; – Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты.

№8 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТІ»

Михаил Козачков, журналист, публицист;

Андрей Чеботарев, саясаттанушы, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры;

Қуат Даурен, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы;

Шибұтов Марат, саясаттанушы, публицист.

№9 номинация. «ЖЫЛДЫҢ БЛОГ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ»

Асқар Жанапов, Youtube, туристік блогер;

Қорғанбекова Насима, Facebook, құқық қорғаушы;

Майгелдинов Қазбек, Facebook, саясаттанушы;

Русинович Кристина, Instagram.

№10 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ БАСЫЛЫМЫ»

Zakon.kz;

Гиперборей – You Tube,

Вадим Борейконың арнасы;

Nur.kz;

Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылар дауыс берудің ақтық кезеңі бүгін, яғни 23 қарашада www.lubimec.kz ресми сайтында басталып, 3 желтоқсанда аяқталатынын хабарлайды.

Сонымен бірге әділ қазылардың бір ауыздан берген шешімімен «Алтын дәуір» Құрметті номинациясына музыкалық педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Кесоглу Лаки Константинович ие болды.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<