ІІМ шағым түсіруге арналған жаңа мобильді қосымшаны таныстырды

691

0

Елімізде полицияға шағым қалдыратын жаңа мобильді қосымша іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айтар болсақ, жол-көлік оқиғасы орын алды. Сол сәтте мобильді қосымша арқылы полицияға фото, видео және оқиға орын алған мекежайды тікелей жіберуге болады. Полиция өз кезегінде жедел әрекет етеді. Одан бөлек, көлікті тұраққа дұрыс қоймаған, қоқыс тастаған, төбелес орын алған немесе түнгі сағат 23:00-тен кейін мазаны алған жағдайда да осы мобильді қосымша арқылы бірден тәртіп сақшысына хабарласу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, азаматтар полицейлердің хабарламаға орай қаншалықты жедел әрекет ететінін бақылай алады», – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов аталған мобильді қосымшаны таныстыру барысында.

Сондай-ақ, министр орынбасарының сөзіне сенсек, тұрғындар жеке басына қауіп төнген жағдайда да аталған мобильді қосымша арқылы полицияға хабар бере алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<