Интеллектуалды сайыс өтті

494

0

Қалалық жастар ресурстық орталығында Қызылорда облысының прокуратурасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар-терроризмге жол бермейді!» тақырыбында интеллектуалды сайысы өткізілді.

Шара «Жастар – деструктивті ағымдарға қарсы» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды. Үш кезеңде өткізілген сайысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен бес топ қатысты. Облыс прокурорының орынбасары Н.Ерманов сайыс барысында қатысушыларға сәттілік тілеп, терроризмнің алдын алуға шақырды.

Жарыс соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<