Күн суытады, 18 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

369

0


Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуіне Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон әсер етеді. Кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Еліміздің батыс аймақтарына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы мүмкін. Түнгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз