Мұражайға саяхат

992

0

Білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық экскурсия жасады.

Онда олар «География сабағында жобалап оқыту технологиясын қолдану», «Карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жасау» тақырыбындағы жұмыстарды жүйелеу, іздену жұмыстарына зерттеу жүргізді.


Егемен еліміздің мәдениеті мен тағылымды тарихын тереңнен танып түгендеу, туған өлкеміздің, ата-бабаларымыздың өткенін білу – әрбір азаматтың парызы. Экскурсия барысында курс тыңдаушылары мұражайдың «Кіріспе», «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі», «Қасиетті Қазақстан және археология», «Сыр өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы (ХV-ХХ ғғ.)», «Этнография», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарымен танысты.


Саяхат барысында курс тыңдаушыларына мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Ұлттық кодымызға негіз бола алатын ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық мінезіміз бен болмысымызды, халқымыздың төл тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін сан қырынан танытатын экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді, тұтас бір дәуірдің тарихын, этнографиясын ғасырдан-ғасырға жеткізіп отыратын тарихи-өлкетану мұражайын аралау сәтінде тыңдаушылар ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты.

Орынкүл Мыханова,


«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<