Пакеттегі марихуана боп шықты

461

0

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Қармақшы ауданының Тұрмағанбет және Алдашбай ахун ауылдарын байланыстаратын Ақжар-Көмекбаев тас жолының бойында күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатқан еді.


Тексеру жүргізу барысында оның жүксалғышынан 2 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі заты алынды.


Сараптама қорытындысы бойынша табылған заттың 1 келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды.


Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында. Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<