Қай өңірде жылу мен судың тарифі бәрінен жоғары?

210

0

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Қазақстанда жылу мен су тарифі қай өңірде жоғары екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылумен қамту саласында қызмет құнының басым үлесі отынға байланысты болады. Ал егер газ туралы айтар болсақ, тариф газдың толық немесе бөлшектеп сатылатын бағасына қарай құбылады. Сумен қамту саласында стратегиялық тауар – электр энергиясы. Ал электр энергиясының бағасы электр энергиясын өндіру құнына қарай белгіленеді», – деді Асан Дарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәсихатында.

Оның айтуынша, сумен қамту жағынан ең жоғары тариф – Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

«Маңғыстау облысында теңіз суы қысыммен тексеріліп, химиялық процестен өтеді. Бұл аймақ көтерме сауда бойынша бағасы белгіленетін газбен қамтылады. Оны Энергетика министрлігі бекітеді. Бүгінгі таңда газдың ең қымбат бағасы – Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Алматыда. Баға туралы айтсақ, көп жағдай сол субъектідегі техникалық жай-күйге, құрылғыға байланысты болады», – деді Асан Дарбаев.

Комитет басшысы сөз соңында барлық өңірде тариф деңгейі дәйекті екенін жеткізді.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз