«Қайсар» «Ордабасыны» ойсырата жеңді

407

0

Өткен сенбіде футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-туры өткізілді. Бұл турда Қызылорданың «Қайсары» Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 3:0 есебімен басым түсті.

Ойында біздің команда сапынан Иван Граф 51, Асхат Тағыберген 70, 75 минуттарда гол соқты. Аталған жеңістен кейін 24 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Енді жерлестеріміз 24 қарашада елордалық «Астана» командасымен кездеседі.

Осы турда «Қайрат» «Қызылжардан» 2:3, «Астана» «Шахтерден» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Тараз» «Жетісудан» 1:0, «Каспий» «Оқжетпестен» 2:1 есебімен ұтылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<