Қазалыда 4 жолақты жолдың құрылысы жүргізілуде

675

0

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы автомобиль жолын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба барысында 7 шақырым автомобиль жолын 4 жолаққа дейін кеңейту, 2 темірбетон көпірін, 2 су өткізгіш құбырын қайта жаңғырту, жарық шамдар мен аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілетін болады.Сонымен қатар, әр бір жүру жолағы 3,5 метр және автобус аялдамасына арналған алаң, жол қиылыстарын салу қарастырылған.

Жобадағы жұмыс ауданның көше-жол торабының қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту және қалпына келтіруге арналған. Жобаны іске асырған жағдайда автожолдың қызмет көрсетуі жақсарып, жол жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС жүргізіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<