Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат жалған – ІІМ

565

0

ҚР Ішкі істер министрлігі «қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия бірінші арнасы» таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомствоның түсініктемесінде. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты таратпауды, мекеменің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<