Қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысты

488

0


Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев аудан аумағынан өтетін Сырдаря өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайын көрді. Сондай-ақ, «Әйтек» су торабын қайта жаңғырту жұмыстары барысымен танысты.


Жалпы, аудан аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Дарияның оң жағалауында 50 шақырым, сол жағалауында 50 шақырым қорғаныс бөгеттегі бар. Осы бөгеттердің жай-күйін көрген аудан басшысы табиғаттың тосыннан келетін жағдайына әркез дайын болу керектігін атады және осыған қатысты тапсырма берді.


Сонымен қатар, аудан әкімі «Әйтек» су торабына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын да арнайы барып көрді.


Сырдария өзеніндегі «Әйтек» су торабы 2004 жылы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (САРАТС-1) аясында салынып, пайдалануға берілген. Негізгі мақсаты – Сырдария өзенінің ағынын реттеуге, Сырдария және Жалағаш аудандарының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету. Су торабының су өткізу қабілеті 750 м3/с құрайды. «Әйтек» су торабының бұзылуы Сырдария мен Жалағаш аудандарының аумағындағы суармалы жерлердің сусыз қалу және 7 елді мекеннің су басу қаупін төндіреді.

Осыған орай, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында биыл тиісті қаржы бөлініп, бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<