Қызылорда политехникалық институты

563

0

Республикаға танымал болған бүкіл Сыр бойы, арғы жағы Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстандағы қазақ жастарының жоғары білім алуына мол мүмкіндік берген Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1976 жылғы 13 шілдедегі №136 бұйрығымен Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты негізінде ашылды. Институтты ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев басқарды.

1990 жылдың 15 қарашасында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы негізінде жаңа техникалық жоғары оқу орны Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты құрылды. Институтта сол жылдары 1622 студент, оның 447-сі сырттай, 91-і дайындық бөлімінде оқыған.

1991 жылғы 30 тамызда Қызылорда облыстық атқару комитетінің №211 шешімімен Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына  күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасап, Еңбек ері атағын екі рет алған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ы.Жақаевтың есімі берілді.

Институтта экология, экономика салалары бойынша және мұнай кен орындарын игеруге бағытталған жаңа мамандықтар ашылып, жоғары білікті инженер кадрларды кең көлемде даярлау қолға алынды.

1996 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 қаулысы негізінде Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.

1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №256 қаулысымен Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – ғылым мен білім, өнер мен мәдениет бастау алатын бірден-бір тәрбие ошағы.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<