«Сау бол» акциясы өтті

408

0

Облыстық жастар денсаулығы орталығы және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен 2020 жылдың «Репродуктивті денсаулықты қорғау» мақсатында Қызылорда облысының тұрғындары арасында «Сау бол!» ұранымен акциялар ұйымдастырылды.

Акция барысында тұрғындар мен саудагерлерге жеке барып мамандар репродуктивті денсаулықты күтудің, жастар арасында ерте жаста болатын жүктіліктің салдарын, жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың денсаулыққа қандай зиянды әсерлері бар екендігі түсіндіріліп, дене қызуы мен қан қысымын өлшеді. Сонымен қатар, қандағы холлестерин мен қант мөлшерін анықтап, қан қысымы, қандағы қанты мен холлестерині жоғары тұрғындарды өзі тіркелген емхана дәрігерлеріне баруға кеңес берілді.  

     Салауатты өмір салтын таңдау уақыты, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығы, үй ішінің амандығы-дұрыс отбасын жоспарлау тақырыптарында ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Облыс бойынша акцияға барлығы 515 халық қамтылып,  2575 дана ақпараттық танымдық материал таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<