Сөйлеу тілін дамытуға арналған тәжірибемен алмасты

279

0

Қызылорда «Болашақ» университетінің «Педагогика, дефектология» кафедрасының Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы «ZOOM» платформасы арқылы «Тілашар» тақырыбында сөйлеу тілін дамытуға арналған тәжірибе алмасу іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шараны өткізудің мақсаты – тәжірибемен бөлісу, сөйлеу тілін дамытуға арналған түрлі логопедиялық жұмыстармен таныстыру, ақпарат алмасу.

Шараға кафедра профессор-оқытушылары мен «Дефектология» мамандығының студенттері қатысты.Іс-шараны ұйымдастырушы әлеуметтік ғылымдар магистрі А.Ә.Рысқұлова логопедия саласындағы өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, сөйлеу тілін түзетуге арналған артикуляциялық жаттығулар тізбегімен таныстырып, логопед жұмысындағы сөйлеу тілін түзетуге арналған құралдарды (зонт, шпатель) пайдалану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында кездесетін ерекшеліктерді, мінез-құлқындағы өзгерістерді атап өтіп, балалармен түзету жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарына да тоқталып өтті.

«Тілашар» сөйлеу тілін дамытуға арналған іс-шара аясында жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың үш деңгейін бөліп,әр деңгейде балаларғалогопедиялық жаттығуларды жасату, балалармен қарым-қатынас орнату жолдары,балаларды ынталандыру және қолдаумен басталатынын атапөтті.Дефектолог, логопедтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, қолжетімді кедергісіз орта құру, сөйлеу тілін дамыту перспективалары негізіндегі тақырыптар қарастырылды.

Сөйлеу тілінде ауытқу бар балаларға арналған мекемелердің, яғни логопедиялық кабинеттердегі логопед жұмыстарына талдау жасап, өз тәжірибесінде кездескен қиындықтармен бөлісті. Бұл ретте ерекше айта кететін мәселе – бұллогопед мамандарды даярлау мәселесі. Себебі сөйлеу тілінің бұзылысын түзету логопед маманның қабілетіне тікелей байланысты. Кездесуде оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз