Жүректі жылытар мейірім

3488

0

«Мейірімділік – жүректен» . 13 қараша- халықаралық Зағиптар күніне орай К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» ұжымы аудан тұрғындары Сәрсенбаев Қуаныш, Бекбаев Қуандық, Торғаева Күләнда аға-апаларымыздың шаңырағында болып, арнайы құрмет білдіріп, жырдан шашу шашты.

Үлкен қарияларымыз жыраулардың дауысына елітіп, жыр кештерін сағынғандарын, мейірімділіктің жүрек жылататынын айтып, көздеріне жас та алды. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» деген. Махаббат – барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады.

Бар мейрімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығуы қажет. Сол асыл қасиеттерімізді жоғалтпайық!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<