Жұрт көңілінен шықты

499

0

Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында жәрмеңке өтіп, қаланы думанға бөледі. Сенбілік саудада, ең бастысы, өнімдер халыққа қолайлы бағада ұсынылды.

Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы ұйым­дас­ты­рған  жәр­меңкеге Қы­зыл­орда қаласы мен барлық аудан шаруалары атсалысты. Астана даңғылының бойында, Кө­шер­баев пен Амангелді көше­сі­нің аралығында өткен ауқымды шараға келушілер қатары көп болды.

Жәрмеңкеге жүзге жуық жүк көлігімен 250 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әке­лініп, қытымыр қысты өткізіп, көк­темге іліккен ел қалағанынша керегін алды. Басқарма басшысы Шахмар­дан Қойшы­баев: «негізгі мақ­саты­мыз – тауар­өндіру­шілер­дің өні­мін халыққа тікелей ұсыну» – дейді.

Молшылықтың белгісі саналатын бұл шарада 50 тоннадан астам күріш, 40 тоннаға жуық картоп, 15  тоннадай асқабақ, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 7 тонна  шамасында ет, 15 тонна балық және 20 тоннаға жуық жем-шөп сатылды. Осылайша Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елдегі тоқшылық пен татулық, көтеріңкі көңіл-күй салтанат құрды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<