Алексей Цой: Коронавирусқа шалдыққандардың 95 пайызы – вакцина алмағандар

594

0

ҚР Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында халықты коронавиурсқа қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдаулар КВИ-ді ауыр өткеріп жатқан науқастардың негізгі үлесі – вакцина алмаған халыққа тиесілі екенін көрсетті. 1 ақпаннан бері вакцина алмаған науқастардың КВИ-мен ауырғандар арасындағы үлесі шамамен 95% болып отыр. Ал вакцина алған азаматтар 5% ғана. Өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған науқастардың үлесі де осыған ұқсас – 96% – ға жуығы вакцина алмаған», – деген министр уақыт бұл вируспен күресте вакцинадан басқа тиімді тәсіл жоқ екенін көрсеткенін атады.

«Бұл мәліметтер вакцинацияның тиімділігін айқын көрсетіп тұр. Осыған байланысты тағы да халыққа жүгініп, осы уақытқа дейін вакцина алмаған азаматтарды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Бұл бәрімізге өз денсаулығымызды емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің денсаулығын да сақтауға мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<