Конго-қырым безгегінен 4 адам көз жұмды

451

0

Қызылорда облысында биыл 4 адам Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 33 науқас тіркелді. Оның 14-інде диагноз зертханалық түрде расталды. Өкініштісі, төрт адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау мамандары тұрғындарды табиғатта, далада, мал жүретін аулаларда барынша сақ болуға шақырады.

«Қайтыс болған науқастар – Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі аудандарының тұрғындары.

Қазіргі таңда Конго-қырым геморрагиялық қызбасымен ауырып, 1 науқас ем алуда. Тиісті медициналық ем шаралары қолданылған 9 науқас қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Конго-қырым геморрагиялық қызбасын болдырмау, алдын алу шаралары да көптеп жүргізілуде», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<