Мұнай қымбаттап жатыр, теңге неге нығаймайды – Ұлттық банк түсініктеме берді

409

0

Маусым айының басынан бері мұнай бағасының айтарлықтай өскеніне қарамастан, теңге бағамы бір долларға 425,6-428,7 теңге аралығында келіп отыр. Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабеков әлемдік нарықтардағы оқиғалар бағамның серпініне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шынымен де, мұнай нарығында қазір экспорттаушлар үшін оң өзгерістер болып жатыр. «Қара алтын» бағасы барреліне 75 доллардан асып, соңғы 2 жылда алғаш рет 75,90 деңгейіне жетті. Мұнай бағасының өсуі қоймалардағы қордың азаюымен және қозғалыстағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға байланысты жазға салым сұраныстың артатыны болжануымен байланысты. Мұнай бағасы көтерілсе, теңгенің долларға шаққандағы бағамы де нығаятыны қазақстандықтар үшін қалыпты жағдайға айналған. Бірақ бұл жолы ондай өзгеріс байқалмай отыр. Ұлттық банк өкілі мұны ішкі тежеуші факторлар әсерімен байланыстырады.

«Біріншіден, валютаға деген сұраныс іскерлік белсенділіктің қалпына келуі және локдаун кезеңінде тауарлар импортының кейінге шегерілген сұранысын сату есебінен тұрақты сақталады. Атап айтқанда, өндіріс құралдары мен аралық тауарларға кейінге қалдырылған сұраныс енді игеріліп жатыр. Қазақстан қор биржасында сауда-саттық көлемінің ұлғаюы экономикалық белсенділіктің қалпына келуінің және шетел валютасына сұраныстың артуының айқын айғағы болып табылады. Егер 2021 жылғы қаңтар-мамырда сауда-саттықтың орташа көлемі күніне 125 млн доллар болса, маусымда оның көлемі 146 млн долларға жетті. Қаңтар-сәуір аралығында импорттың өсуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға жетіп, азық-түлік емес тұтыну тауарлары мен өндіріс құралдарының импорты есебінен 11,4 млрд долларға жетті», – дейді Әлия Молдабекова. Ұлттық банк маманы жыл басынан бері автокөлік импортының қатты өскенін мысал ретінде келтіреді. жыл бұрынғы көрсеткіштен 200 млн долларға көп. Одан кейінгі орында импортталған тұрмыстық техника мен компьютер бөлшектерінің импорты тұр. Импортталған тауралардың Барлық импорттық тауарлардың 40%-ға жуығы Ресейден әкелінген. «Бұл үрдіс күшейе түсуде. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ресейден әкелінген тауарлар 2020жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 16%-ға көп. Екіншіден, маусымдылықты атап өту керек. Әрине, коронавирустың таралуын және шектеу шараларын сақтауды ескере отырып, демалыс маусымына байланысты валютаға сұраныстың өсуі онша маңызды емес, бірақ әлі де бар. Сондай-ақ, маусымның бірінші жартысында дивидендтерді төлеу кезеңі аяқталды, негізінен бұл шетелдік капитал үлесі бар компанияларға қатысты», – дейді сарапшы.

Әлия Молдабекова аталған компаниялар акционерлік дивидендтерді шетелдегі бас ұйымдарға жолдау үшін долларға айырбастайтынын айтады. Бұл бағамға тікелей әсер етіп отырса керек. «Үшіншіден, валютаға деген сұранысты фискалдық ынталандырудың ықпалымен және зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану шаралары ұлғайтқан. Ұсыныс тұрғысынан біз үлкен өзгерістерді көрмейміз. Валютаны сатудың негізгі көзі экспорттаушы компаниялар және трансферттерді бюджетке орындау үшін Ұлттық қор активтерін айырбастау болып қала береді. Осы факторлардың барлығы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер етеді. Шетел валютасына деген сұраныстың ағымдағы өсуі мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасына қарамастан теңгенің нығаюына мүмкіндік бермейді», -дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. Еске салсақ, мұнай бағасы 2019 жылдан бері алғаш рет барреліне $75 жоғары көтерілді.





Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз