Мичиганда қолдан жасалған бомба жарылып, мектеп оқушылары жарақат алды

339

0

АҚШ-тың Ньюэйго қаласындағы (Мичиган штаты) мектептердің бірінде оқушы қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны мектепке әкеліп, абайсызда іске қосқан, деп хабарлады штат полициясы. Бұл жайында ҚазАқпарат MLive.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбі күні таңертең сыныпта қолдан жасалған бомба жарылып, төрт оқушы мен мұғалім жеңіл жарақат алды. Штат полициясы құрылғыны әкелген 16 жасар оқушының орта дәрежелі жарақат алғанын айтты. Мұғалім мен төрт оқушы медициналық көмекке жүгінген. Ньюэйго полициясы 08:52-де сыныптағы жарылыс туралы хабар алған, дейді штат полициясы.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<