Молдова президенті өз ұстанымын білдірді

235

0

Молдовада осыдан бір жеті бұрын президент сайлауында жеңіске жеткен Майя Санду өз елінің мүддесіне қатысты пікірлерін білдірді. Бүгінге дейін Молдовадан оқшауланып, өз алдына дербес мемлекет құруға талпынып жатқан Днестр өңірі республикасының тағдырын президент күшпен шешетін ойын аңғартты.

Шындығын айтқанда, Молдовадағы жағдай күрделі. Саясатшылардың бірқатары Молдованың болашағын Еуродақпен, нақты айтқанда, Румыния­мен байланыстырғысы келсе, Ресеймен қатынас орнатқанды қалайтындар да аз емес. Қазір  1992 жылғы ұлтаралық жанжалдан кейін Ресейдің армиясы Днестр өңірі республикасында бейбітшілік сақтау миссиясын атқаруда. Майя Санду Ресей әскерін әкетуді талап етпекші. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайды мүлдем ушықтырып жіберуі мүмкін. Себебі Молдовада көп мәселенің түйінін тарқату оңайға соқпайды. Экономика жағдайы да күрделі. Молдованың жеміс шарабынан басқа сыртқа шығаратын өнімі жоқтың қасы. Оның өзін Ресей «өзімсінгендіктен» сатып алуға мәжбүр болуда. Бұл енді экономикалық алыс-берістен гөрі саясатқа жақындау тірлік. Ал Еуроодаққа өткеннің өзінде Молдованың жағдайы жақсара қоймайтыны және белгілі. Еуропаның өз проблемалары жетіп-артылады. Оның үстіне Молдованың басқару үлгісі – парламенттік болғандықтан, президенттің ықпал ету тетіктері де мардымсыз. Алдағы жағдайдың қалай өрбитінін уақыт көрсетеді.

«СБ» саясат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз