Трамп президенттіктен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйлейді

409

0

Дональд Трамп президент қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйлейді. АҚШ-тың бұрынғы президенті 28 ақпанда Орландодағы жыл сайынғы СРАС консерватив саяси конференциясына қатысады, – деп хабарлайды Tengrinews  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

CPAC-ты ұйымдастыратын америкалық консерватив одақтың өкілі Трамптың 28 ақпанда – конференцияның соңғы күнінде сөйлейтінін растады.

Трамп Республикалық партия мен консерватив қозғалыстың болашағы туралы сөйлейді, сонымен қатар президент Джо Байденнің көші-қон саясатын сынға алады.

Еске салайық, Манхэттен прокуратурасы (Нью-Йорк) АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуге байланысты сотқа салық қызметін шақырған болатын.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<