Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті

334

0

Министрліктің Қызылорда облысындағы Стратегиялық сессиясының басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу,  этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту.

Бүгін Қызылорда облысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.

Стратегиялық сессия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысқан кездесуден басталды.

Олар күн тәртібіне сәйкес 11 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптарын белгіледі.

 400-ге жуық адам қатысқан шараларда  телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі «Қазтелерадио» АҚ қызметі; дінтану сараптамасын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, салалық журналистиканы дамыту  және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.

Айта кетейік, өңірлердегі «Министрлік күндері» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі. 

“СБ” ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<